Сыр жұртшылығы Ынтымақ күнін атап өтті

497

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматына сәйкес, 21 наурыз – Ынтымақ күні болып белгіленген болатын.

Қазақ халқы ежелден береке-бірлікті бекемдеп, татулық пен ынтымақты қадір тұтқан халық. Осының арқасында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ізгілік күні бүгінге дейін өз маңыздылығын жойған емес.

«Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда» демекші, Сыр елінде де аталмыш күн жоғары деңгейде өтті. Облыс көлемінде 20-дан астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сырбойылықтар Ынтымақ күнін ерекше атап өтті.

Атап айтқанда, аймақ басшысының қатысуымен Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде және Байқоңыр қаласында «Әз Наурыз – игіліктер бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті.

Сонымен қатар, ауылдық округтерде «Қош келдің – әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Наурыз тойына жиналған қауым салт-дәстүрден арнайы рәсімдер өткізіп, тұрғындар ұлттық ойындардан өзара бақ сынасты.

Бұдан бөлек, облыс орталығындағы Тараз көшесінде эстрада және Сыр өнерпаздарының қатысуымен «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мәдени-көпшілік гала концерт өтті.

Мерекелік концертке жиналған сырбойылықтар Наурыз мерекесін ерекше көңіл-күймен тойлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<