Сырдария: «Алтын сағатқа» әуен орнатылды

1096

0

Осыдан біраз уақыт бұрын Тереңөзек кентіндегі Орталық алаңға түлектер тартуы ретінде ескерткіш-стелла қойылған болатын. Бұл аудан орталығының ажарын айшықтап, ерекше сән беріп тұр.

Ескерткіш-стеллаға жалпыхалықтық атау қою мен әуен таңдау әлеуметтік желіде талқыланып, қоғам пікірі ескерілді. Көпшілік бұған «Алтын сағат», «Алтын уақыт», «Сыр сағаты» секілді атауларды ұсынды. Оның ішінде, әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі «Алтын сағат» деген символикалық атауды таңдауды ұсынды. Нәтижесінде, жайқалған күріш бейнесіндегі алып ескерткіш-стелла «Алтын сағат» атанды.

Жалпыхалықтық атаудан кейін әр сағат сайын уақыт белгісін білдіретін әуен таңдау қажеттілігі туындады. Бұған арнайы комиссия құрылып, бірнеше әуен тыңдалды.Соның ішінде Сырдария ауданында дүниеге келген «Сыр сұлуы» әні бірауыздан таңдалды.

31 шілде күні сағат 12.00-де таңдалған әуеннің үзіндісі «Алтын сағатқа» орнатылып, алғашқы рет шырқалды. Енді әр сағат сайын «Сыр сұлуы» әуенінің үзіндісі аудан жұртшылығына және қонақтарына естіліп тұрады. Ұлық мерекеде әуеннің орнатылуы аудан халқына ерекше сый екені сөзсіз.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<