Сырдария мен Шиелідегі сайлау:
маңызды күндегі ерекше сәттер

527

0

Бүгін Қазақстан тарихында аудан және қала әкімдері сайланады.
Пилоттық сайлау Қызылорда өңірінің Шиелі және Сырдария ауданында өтіп жатыр. Президент бастамасымен қолға алынған сайлауды жергілікті тұрғындар қолдап, өзі қалаған кандидаттарға дауыс беруде.

Таңнан бері сайлаушылар учаскеге ерте келіп, өз таңдауларын жасауда.
Екі аудан бойынша 6 кандидатқа 72 мың сайлаушы дауыс бере алады.

Сайлау күні дауыс беру учаскелеріне балаларымен бірге келген отбасылардың қатары көп. Көпбалалы отбасылардың саяси науқанда белсенділік танытуы дәстүрге айналған.
Дәл осы күні ауданда 2 нәресте дүние есігін ашқан.

Сырдария мен Шиелідегі сайлау:<br>маңызды күндегі ерекше сәттер

Саяси науқанда алғаш рет дауыс берген, алғаш рет некеге отырған ерлі-зайыптылар да өз таңдауларын жасады. Екі аудан бойынша 18 жастағы 1011 азамат бірінші рет дауыс беру мәртебесіне ие болды.

Мұнан бөлек, әкелер және әжелер ансамблі, полициялар мен ұстаздар династиясының өкілдері де бюллетень алып, дауыс берді.
Сайлаушылар күні 109 бірыңғай байланыс орталығы үздіксіз жұмыс жасап тұр. Осы уақыт аралығында әртүрлі сұрақтармен 129 рет қоңырау түскен.

Сайлауда 344 азамат үйден дауыс беруге өтініш қалдырған. Олардың бәріне де тасымалданатын жәшік барады.
Барлық учаскелерде азаматтардың дауыс беру құпиялығы сақталатын арнайы кабиналар перделермен қамтылған.
Сондай-ақ, сайлаудың ашықтығын бақылауға келген тіркеуден өткен байқаушылардың да легі көп. Сағат 15.00-ге дейін учаскелерде заң бұзушылықтар тіркелмеген.

Айта кетейік, Шиелі және Сырдарияда барлығы 58 учаске жұмыс жасауда. Дауыс беру жергілікті уақыт 20.00-ге дейін жалғасады.

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<