Сырдария өзенінің ортасындағы аралда қалып қойған екі жасөспірім құтқарылды.
Оқиға бүгін, 23 тамызда жергілікті уақытпен сағат 17.50 шамасында тіркелді. Қызылорда қаласындағы «Сыр Ана» монументі тұсында дария ортасындағы аралда 13 және 14 жастағы екі бала қалып қойған.
Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техника және 1 үрлемелі қайықпен жетті.
«Құтқарушылар аралда қалып қойған екі балаға қайықпен барды. Оларды бір шақырымдай жердегі Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы көпір маңына алып шығып, полиция және жедел жәрдем қызметі мамандарына табыс етті», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің өкілдері.
Әділжан ҮМБЕТ,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<