Сырдария өзенінің жағдайымен танысты

301

0

Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Роллан Ахметовпен бірге Сырдария өзенінің жағдайымен танысты. Қалжан ахун елді мекеніне қарасты «Жансымақ» учаскесіне барып, сеңнің өту барысын көрді.

Аудан басшысы сеңді қауіпсіз өткізу шаралары толығымен жүзеге асқанын атап өтті.

Қазіргі таңда облыс бойынша Сырдария өзенінде сең жүруде. Бүгін мұз аудан аумағынан толығымен, қауіпсіз өткізілді.

Айта кетейік, бүгінде өзенде Тереңөзек кентінің тұсынан 106 текше метр су өтуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<