Сырдарияда табиғи газды пайдаланатын тұрғындар саны артады

475

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қалжан ахун елді мекеніне жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу жобасына бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, аталған ауыл көгілдір отынның игілігін пайдалануда.

Сонымен қатар, өткен жылы бастау алған С.Сейфуллин А.Тоқмағанбетов елді мекенін газбен қамтамасыз ету жобасын биыл жалғастыру бағытында 201 млн теңге қаржы қаралып отыр. Аталған ауылдарды газдандыру жұмыстары жалғасып, биыл ел игілігі үшін іске қосу жұмыстары жасалуда.

Айта кету керек, биылғы жылдың ерекше жаңалығының бірі Шаған ауылын көгілдір отынға қосу жұмыстарын бастауға 100 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<