СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

458

0

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ Аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеровтың төрағалығымен бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Көкнәр-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі алқаптары анықталғанда жергілікті және құқық қорғау органдарымен атқарылған іс-шарасы туралы» семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңеске Қызылорда облысының жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қ.Тоғызбаев, облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы жедел уәкілі Е.Бектасов, аудандық прокуратураның прокуроры С.Темірбаев және тиісті мекеме басшылары, орман шаруашылығы және шаруа қожалық төрағалары, учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Жиын барысында есірткі қылмыстарын болдырмау мен алдын алу бағытында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Д.Байдушев баяндады. Сонымен бірге, облыстық ІІД тарапынан әзірленген бейнеролик пен слайд көрсетілді.

Семинар-кеңесте алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар сараланып, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берілді.

Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<