Сырдың арда перзенті

1542

0

Сырдың арда перзенті Бекайдар Аралбаев есімінің насихаттала бастауы бүгінде рухани қазынамыздың жаңғыруындағы игілікті істердің көрінісіндей.

Аралбаев Бекайдар Жантөреұлы Сырдария облысы, Түркістан уезі, Жаңақорған болысында (қазіргі Жаңақорған ауданындағы Сүттіқұдық ауылдық округінде) 1896 жылы көшпенді дәулетті қазақ отбасында дүниеге келген. 1903-1912 жылдары әкесі Жантөре Жаңақорған болыс басқарушылығына қатарынан үш рет сайланған. 1897 жылы атасы Аралбай әкімшілік-құқықтық реформаға дейін Түркістан уезіндегі Жаманбай болысының Төбе биі болған екен.

Бекайдар Аралбаев 1905-1909 жылдары Жаңақорғандағы орыс-түзем мектебінде, 1910-1914 жылдары Ақмешіт қаласында 4-кластық қалалық училищеде оқыған. 1916 жылдың ІІ жартыжылдығында Жөлек аймақтық басқармасында алғашында санақшы, кейін тәржімашы қызметтерін атқарады.

1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қаазақ АКСР Кеңестерінің  V съезі салтанатпен ашылды. Осы съезде Бекайдар Жантөреұлы Аралбаев Қазақ АКСР-і Атқару  комитетінің хатшысы болып сайланады. Түркістан АКСР-і Ішкі  істер халкомы, Республика Халық сотының төрағасы болады. Астананы Қызылордаға көшіруге белсене атсалысқан азаматтардың бірі. Қазақ Орталық Атқару комитетінің партия, кеңес аппаратын қазақыландыру (коренизация) жөніндегі комиссиясына басшылық етті.

1928-1934 ж.ж. банк саласында басшы қызметтер атқарады. Содан кейін «аралбаевшылдық» айдарымен Голощекиинің қудалауына ұшырап, қамауға алынып, Красноярс өлкесінде дүние салады.

Бекайлар Аралбаев бірінші рет Түркістан және Қазақ Орталық Атқару комитетінің төралқасының мүшелігіне сайланған, БК(б)П ХІ, ХҮІІ  съездеріне делегат болып қатысқан.

Бекайдар Аралбаев атқарған қызметтерге көңіл аударсақ, ерен еңбекті, халықтың қамын жеген қамқорлықты байқауға болады. Бекайдар Аралбаевты заманымыздың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов Бекайдар Аралбаевты «Адасқандар», «Мөлдір махаббат» сияқты шығармаларына кейіпкер етіп алуы бекер емес. Осыдан оның соған лайық еңбегі барлығын көреміз, кеш те болса халық тарапынан Б.Аралбаевты ұмытпай, ақталған соң қоғам және мемлекет қайраткерін насихаттау жолында бірсыпыра жұмыстар атқарылуда.

Сымбат Ізтілеу,

Қ.Мұхаммеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<