Сырдың сандуғашы

1158

0

Төрт ай бойы отандық телеарнада сенбілік бағдарламалар арасында топ жарып, рейтинг бойынша жоғары нәтиже көрсеткен «Қазақстан дауысы» мегажобасы бүгінде көпшіліктің көзайымына айналды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» сыйлығының иегері Сәкен Майғазиев хабарлады.

− Ең алдымен көрерменге алғысымды айтқым келеді. Құралай жеңіске әбден лайық. Гүлнұр Оразымбетованың Құралайға ырымдап берген бойтұмарын жақсылыққа баладым. Гүлнұрдың репертуарындағы әнімен бастап, толғауымен аяқтағанымыз да бекер болмады. Бұл әндер жеңіске жетеледі. Халыққа ризашылығымды білдіремін, − деді танымал әнші.

Аталған музыкалық жобаға еліміздің барлық өңірінен және шет мемлекеттерден талапкерлер қатысып, талантымен танылды. 6 мыңға жуық әншінің арасынан сурылып шыққан сырбойылық Құралай Мейрамбектің өнері расында, халықты тәнті етті. Жерлесіміз барлық кезеңде ең мықты деген әндерді орындап, ерекше иірімдерді қосып, халықтың жүрегіне жеткізуге тырысқанын айтты.

− Бұл   жоба    маған  сенімділік берді. Көрерменнен шабыт алып отырдым. Әр кезеңде шырқалған ән халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын. Сол себепті бұл жеңіске халықтың арқасында жеттім. Мені қолдаған жандарға, қазақ еліне, жерлестеріме рақмет! Ерекше алғысымды тәлімгерім Сәкен ағаға білдіргім келеді, − деді Құралай.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<