«СІЗ» ДЕГЕН ӘДЕП, «БІЗ» ДЕГЕН КӨМЕК

563

0

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған бес институттық реформасының негізінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған.

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары белгіленген Әдеп кодексі қабылданды.

Бұл Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысында қолдануға қолайлы Әдеп кодексінің қойын кітапшасы Pocketbook (Покетбук) әзірленіп, енгізілді.

Бұл – мемлекеттік қызметшілер үшін әдеп тұрғысындағы мәселелер туындағанда басшылыққа алынатын әдістемелік құрал. Онда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынаста, азаматтармен қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық танытуы қажеттігі, сондай-ақ, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-тарда сөз сөйлеу, мүдделер қайшылығы кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған.

Покетбукты әзірлеу кезінде Батыс Еуропа елдерінің, АҚШ, Австралия, Грузия мемлекеттерінің тәжірибелері ескеріліп, онда мемлекеттік қызметшінің өзінің қызмет атқару кезінде туындауы мүмкін жағдайларға талдау жасалынып, әрбір жағдай  бойынша дұрыс шешім қабылдауға қажетті нақты мысалдар келтірілген.

Осы мақсатта 2018 жылдың 6 айында агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментімен облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілмен бірлесе облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметшілерімен түрлі форматтағы 106 іс-шара өткізілді. Бұл шаралар мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп кодексін бұзу фактілерінің азаюына септігін тигізді.

Ағымдағы жылы агенттік төрағасымен «Мемлекеттік қызметте әдептілік деңгейін арттыру жөніндегі» кешенді жоспар бекітіліп, жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға үлкен мән берілген. Кешенді жоспарға сәйкес, департаментпен мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта қалмауына,  уақытылы біліктілігін арттыру курстарына жіберуіне, үстеме ақы, материалдық жәрдемақы және сыйақы беру, еңбек демалысына шығару кезінде құқықтары сақталуына, іссапар шығындары мен кепілдері сақталуына және олардың тегін медициналық қызмет алу, спорт кешендеріне бару, үй-жаймен, жер учаскесімен қамтамасыз етілуіне әлеуметтік сауалнамалар алынып, талдаулар жүргізілді.

Нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта қалып жұмыс жасауы бойынша 22 дерек, еңбек демалысына уақытылы шығармауы бойынша – 131, іссапар шығындарының төленбеуі – 14, біліктілігін арттыру курстарына уақытылы жібермеуі бойынша 3 дерек анықталды. Нәтижесінде 170 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.

Берікбол БАЙХОЖАЕВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы 

бойынша департаменті басшысының орынбасары,

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<