Табиғат аясындағы тамаша сайыс

539

0

Астана қаласының – 20, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Жалағаш ауданында ардагерлер арасында балық аулаудан жарыс өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын шарада алдыңғы толқын аға ұрпақ өкілдері қоғамнан тысқары қалмай, салауатты өмір салтын насихаттауға бастамашы болып келеді.

«Иіркөл» көлінің басында өткен спорттық шараға кент және ауылдық округтерден 50-ге жуық ардагер қатысты. Табиғат аясындағы тамаша демалыс қариялардың көңілін сергітіп, жанға жайлы әсер сыйлады. Балық аулау сайысының нәтижесінде І орынды Аққұм ауылынан келген Балтабай Жақанов иеленсе, ІІ, ІІІ орынды Жалағаш кентінен Темір Сералиев және Аққыр ауылынан келген Жүсіп Молдашораев бөлісті. Жеңімпаздарға аудандық ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің  арнайы дипломдары, сый-сыяпаттары табысталды.

Шара барысында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ауданның мәдени-көпшілік шараларына белсене араласып, қоғамдағы маңызды бастамаларға  қолдау танытып жүрген қазыналы қарттарға алғысын білдірді.

Ғазиза ӘБІЛДА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<