Табиғатты аялаған

297

0

Ж.Жабаев атындағы мек­теп аудандағы іргелі білім ор­­да­­ларының бірі. Жуырда онда тағылымды іс ат­қарылды.

Бұл күні бастауыш сынып мұ­ғалімдері мен оқушылары өздеріне бе­кі­тілген аймақта қы­зу жұмыс атқарды. Жаңа­гүл Оразбаева же­текшілік ететін төр­тінші сынып шәкірттері  жеміс ағаштарын отырғызса, Индира Ба­басованың жетек­шілігіндегі екін­ші сынып оқу­шылары алуан гүлдер екті. Мектепалды даяр­лық тобының бүл­діршіндері де ортақ шаруа­дан қалыс қалмай, гүл егетін  орындарды дайындап,  қолғабыс жасады.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<