Табиғатты сүю – барша адамзаттың парызы

656

0

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ, Экологиялық ұйымдар қауымдастығының бірлескен бастамасымен өскелең ұрпаққа табиғи ресурстарды күту, сақтау мәселесін түсіндіру, насихаттау мақсатында 3 қазан күні еліміздің барлық орта мектептерінде республикалық экологиялық сағат (экосағат) өткізілді.
Экосағат барысында әр оқушы өзінің табиғатқа, қоршаған ортаға, қорғауға тиіс аңдар мен құстарға қатысты ойларын ортаға салды. Акция барысында ұйымдастырлған экосағат өскелең ұрпақты табиғатты аялауға үйретіп қана қоймай, мектеп оқушыларын еңбекке баулиды.
 Жалағаш кентіндегі Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте  ұйымдастырылған экосағат шарасы жоғары деңгейде өтті. Акцияға мектеп оқушылары мен ұстаздары, мектеп директоры және аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қатысып, оқушылармен бірге мектеп ауласына ағаш егіп, оқушыларға туған жер табиғатын сүю, қорғау, көркейту мен  көгалдандырудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<