Табиғатты ластамауға шақырды (видео)

663

0

         Атмосфераның ластануы бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып қала бермек. Ластанудың негізгі көздерінің бірі – ауаны ластаушы заттар мөлшері шамадан тыс асып кететін автокөліктер болып табылады.   «Таза ауа» іс-шарасы өтті.

«Экология департаменті» қызметкерлерімен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының  қызметкерлері рейдтік жұмыстарын жүргізді. Қала аумағында экологиямызға кері әсерін тигізетін автокөліктерді тоқтатып, стандартқа сай талаптарының орындалуын тексерді. Іс-шара барысында тоқтатылған 4 жүк автокөлігіне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<