Табиғатты өрттен қорғайық

1241

0

Көктем – өрт туындауы мүмкін қауіпті мезгіл. Көбінесе өрт адамның кінәсінен болады: құрғақ шөпті, егістіктердегі сабақты рұқсатсыз жағу, бақша учаскелерін тазарту және қоқыс пен шөпті жағу. Сонымен қатар, тұрғындар демалыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, жаппай табиғатқа шыға бастайды. Өрттің көбі азаматтардың отпен абайсыз қарым-қатынасы мен балалардың отпен ойнауына байланысты орын алуы мүмкін. Балаларға тиісті бақылаудың болмауы және ересектердің немқұрайлылығы – дәл осы факторлар үлкен қайғыға әкелуі мүмкін. От түрлі құрылыстар мен көліктерге, саяжай мен бау-бақшаға, үйлерге тез тарай отырып, үлкен материалдық шығынға әкелуі және адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, от еліміздің ұлттық байлығы – бірегей орман алқаптарына да қауіпті.

Табиғатты сақтау, сондай-ақ адамдардың өміріне араша болу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау қажет:

– тұрғын үй және бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты құрғақ шөптен және қоқыстан алдын ала тазартыңыз;

– тұрғын үй құрылыстары аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс төгуге жол бермеңіз;

– тұрғын үйлерде, саяжай учаскелерінде және орман алқаптарында қоқысты өртемеңіз;

– өрт қауіпі бар кезеңде орманға және тоғайға шығуды шектеңіз, от жақпаңыз және ашық отты пайдаланбаңыз, бықсыған темекі тұқылын лақтырмаңыз.

Арал ауданы ТЖБ 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<