ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен2019 жылдардың қорытындысы бойынша тарифтік сметаны, инвестициалық бағдарламаны орындамаған және реттеліп көрсетілетін қызметті Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша ұсынылмаған субъектілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігі бойынша 18 әкімшілік өндірісі қозғалды. («Аралтұз» АҚ, «Пикет ЛТД» ЖШС, «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС, «Қазалы су сервис» МКК, «Сексеуіл су құбыры сервис» МКК, «ҚЭТТК» АҚ, «ҚЖЭО» МКК, «Сырдария-Нұрдаулет» ЖШС,«Қызылорда су жүйесі» МКК, «ҚЖЭО» МКК-ның «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы және т.б).
Қазіргі уақытта әкімшілік істер бойынша субъектілерге 55, 0 млн теңге айыппұл салынып, оның 13,3 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Ал, 41,7 млн теңге айыппұлдың ерікті орындау мерзімі келмеген.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған табиғи монополия субъектілеріне заңнаманың бұзылуын жою жөніндегінұсқамалар енгізіліп, барлығы мерзімінде толықтай орындалды.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу
комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<