Табиғи монополия субъектісінің сатып алу нәтижелерін интернет-ресурстарда орналастыру

503

0

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі-Заң) 23-бабының 6-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектісінің сатып алуы, сауда-саттықтардың нәтижелерін жеке интернет-ресурстарында орналастыруды жүзеге асыратын тауар биржалары, электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алуды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, сатып алу процесінің әрбір сатысы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда, уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсына отырып электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Сондай–ақ, Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес, осы бап және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары мыналарды мемлекеттік сатып алуды, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын,  жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және (немесе) жылу энергиясын сатып алуды, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарықта сатып алуды, қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын, шығындары тариф бекітілетін кезде есепке алынбайтын табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын қоспағанда, тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданылатын тарифі бекітілген табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады.

                                  Қазақстан Республикасы

                                             Ұлттық экономика министрлігі

                                           Табиғи монополияларды реттеу

Комитетінің

 Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<