Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруы

640

0

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларымен табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыру тәртібі көзделген.

Бұл ретте, табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен:

         1) тендер арқылы конкурспен;

         2) баға ұсыныстарын сұратумен;

         3) бір көзден алумен;

         4) тауар биржалары арқылы;

         5) электрондық сауда алаңдары арқылы жүзеге асырылады.

         Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурс тәсілімен және тауар биржалары, электрондық сауда алаңдары арқылы жүзеге асырылады.

         Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге өткізіледі. Бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

         Табиғи монополиялар туралы заңнаманың талабы, яғни табиғи монополиялар субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы: мемлекеттік сатып алуды; дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын; Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымнан электр және жылу энергиясын сатып алуды; Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес теңгерімдеуші электр энергиясын, электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта, спот-нарықта сатып алуды; қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын; шығындары тариф бекітілетін кезде есепке алынбайтын табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуын қоспағанда, тарифтік реттеудің шығындық әдісі қолданылатын тарифі бекітілген табиғи монополия субъектісінің сатып алуына қолданылады.

Яғни, жоғарыда аталған заңнама талабы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік тізілімнің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектілері, атап айтқанда мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі: «Қазалы су сервис» МКК-на, «Сексеуіл су құбыры сервис» МКК-на, «ҚЭТТК» АҚ-на, «ҚЖЭО» МКК-на, «Қызылорда су жүйесі» МКК-на және қуаты аз табиғи монополиялар субъектілері «Аралтұз» АҚ-на, «Пикет ЛТД» ЖШС-не, «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-не және т.б қолданылмайды.

                                            Қазақстан Республикасы

                                                Ұлттық экономика министрлігі

                                                Табиғи монополияларды реттеу

               комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<