Табысты оқытудың тиімді тәсілдері

1278

0

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандары  қаладағы Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінде жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдеріне арнап «Табысты оқытудың тиімді тәсілдері» шебер-сынып сабағын өткізді. Айта кетейік, бұл шара ынтымақтастық шеңбері аясында ұйымдастырылып отыр.

Шебер сынып барысында пән мұғалімдері:

– сабақ мақсатының сабаққа негізделген оқу мақсатына және SMART критерийлеріне сәйкес дұрыс қойылуын;

– STEM-білім беру негізінде танымдық, проблемалық, кеңейтілген, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар құрастыруды;

– саралау тәсілдерін;

– сыни ойлау әдістерін;

– сын тұрғысынан ойлауға бағытталған тапсырмалар мен ашық сұрақтар, сұрақ қою техникаларын;

– сараланған тапсырмаларды жүзеге асыру жолдарын;

– жүргізілген қалыптастырушы бағалау тәсілдерінің тиімділігі; сабақта ресурстарды тиімді пайдаланудың жоспарлануын;

– оқушы рефлексиясының, оқушылармен кері байланыстың, интерпретацияның жүзеге асырылуын;

– Блум таксономиясы бойынша ойлау деңгейлерінің тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру жолдарын меңгерді.

Шара барысында мектеп мұғалімдерінің сауалдарына жауап беріліп, кері байланыс орнатылды. Мұғалімдердің сабақты жоспарлау мен жобалау кезіндегі туындаған бірқатар мәселелерін шешуге бағытталған мазмұны құнды болды.

Жанар РЗАБЕКҚЫЗЫ,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<