Тәртіп пен тәрбие басты орында

362

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев аудандық прокуратураның прокуроры А.Исаходжаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков және аудандық қорғаныс бөлімі, аудандық аурухана қызметкерлерімен, сондай-ақ, ардагерлер, әйелдер кеңесі төрағаларымен бірге Қалжан ахун, С.Сейфуллин елді мекендерінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Ұлдар мен қыздарға бөлек өткізілген кездесулерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, электронды вейп және нашақорлық, әлімжеттік пен топтық төбелестің, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда тәртіп пен тәрбие басты орында. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарға жол берілмеу керек. Бұған қоғам жауапты. Сондықтан кездесуге қатысушылар оқушыларға сапалы білім алуды, тәрбиелі болуды, жат әдеттерден сақтануды айтты. Ел ағалары оқушыларды жігерлі сөздерімен қанаттандырып, салауатты өмір салтын ұстануға, еркін ойлы, шығармашал азамат болуға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<