Тәртіп сақтау – ортақ міндет

287

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Қоғамдық тәртіпті бақылап, бей-берекет тасталған қоқыстарды, шет аймақтарға төгілген кәріз суларын, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау үшін жұмыс жасайтын кезекті түнгі рейдтің жетекшісі – аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп.

Ринад Ибайдуллаұлы бастаған құрам Әйтеке би кентіндегі спорт алаңдары мен ойын-сауық орталықтарына барып, кәмелет жасқа толмаған жастардың беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.

Сонымен қатар аудан сыртындағы шет аумақтарды аралап, түнгі мезгілде қоқыс тастаушылардың, кәріз суларын төгушілердің болмауын бақылады. Тыныштықты көздейтін топ құрамында аудандық білім бөлімі, мектеп, полиция бөлімі мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері болды.

Айта кеткен жөн, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті бақылаушы топтардың жұмыстары тұрақты жалғасып отырады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<