«Тәтті жол» немесе алданбау

5

0

Ерте бір кезде Ерлан деген бала болды. Қарапайым ғана. Сабақ бар, достар бар, кейде күлкі, кейде шаршау.

Бір күні ол бір жолды көрді. Өте әдемі, жарық, жүруі оңай сияқты. Алдамшы арманы:

 – Осы жолмен жүр, ойланба, бәрі жақсы болады, – деді.

Ерлан жүріп кетті. Алғашында шынымен жақсы болды. Күлкі өзі келді, басындағы уайым жоғалғандай. Бірақ аз уақыттан соң аяқ басысы ауырлап, ойы шатаса бастады. Жол тарылып кетті. Артқа қараса – қараңғы. Алға қараса – қорқыныш.

Ол отырып жылап жіберді. Иә, жылады.

Сол кезде қасында бір қария пайда болды. Айқайламады, қорқытпады. Жай ғана:

– Тым тәтті нәрсе соңында ащы болады. Бірақ тірі тұрғанда бұрылуға болады, – деді.

Ерлан тұрды. Қиын болды. Әр қадамы ауыр. Ашуланды, шаршады, қайта барғысы келді. Бірақ бұрылды.

Тәтті жол жоғалды. Қарапайым жол қалды. Тегіс емес, бірақ өз жолы.

Содан бері Ерлан біледі: оңай жол – дұрыс жол емес. Дұрыс жол – кейде, ең ауыр жол.

Бекзат НҰРМАНҰЛЫ,

№122 орта мектептің

8-сынып оқушысы. Жалағаш ауданы