Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кездесу

725

0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің орынбасарлары және бөлім басшыларымен кездесті.

Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас сарапшысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, «Қоғамдық келісім» КММ-нің жетекші сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Усенбаев, қалалық Қоғамдық келісім мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев қатысты.

Топ мүшелері іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді əлемге жария еткен Тəуелсіздіктің ордалы 30 жылдығы жайлы сөз қозғады.

Кездесу өзара пікір алмасумен жалғасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<