«Тәжірибе алаңы» жұмысын бастады

219

0

Фото: автордан

2 қаңтар күні Жаңақорған шипажайында Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің демеушілігімен шығармашыл мұғалімдердің Тәжірибе алаңы жұмысын бастады. Тәжірибе алаңы жылдан-жылға өз алаңының өрісін кеңейтіп, қанатын құлаштап жайып келеді. Онда мыңдаған мұғалім шығармашылықтарын шыңдап, егемен еліміздің өскелең ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудің озық әдістемесін қалыптастыруға күш жұмсауда.

Аталмыш шараның ашылу салтанатында өңірдің әр ауданынан келген әдіскерлер мен сарапшылар, шығармашыл ұстаздар бас қосты. Алаң жұмысына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының оқытушылары мен қызметкерлері, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен 60-қа жуық мектеп педагогтері қатысты.

Алаңның ашылу салтанатында Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиева сөз алып, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің үздік әдістемелік тәжірибесін айқындау, тарату, олардың кәсіби шеберлігін көтеру, білім беру жүйесінде мұғалімдердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру, мәртебесін көтеру және әдістемелік жұмыс жүйесінің бірегейлігін сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алаң жұмысына сәттілік тіледі.

Тәжірибе алаңының ашылу салтанатында үш күндік жұмыс бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар, түрлі бағыттар бойынша өткізілетін шеберлік сыныптары, семинарлар мен конференциялар, тренингтер, танымдық ойындар, сауық кештері, т.б. іс-шаралардың өткізілу форматы, сарапшылардың атқаратын міндеттері түсіндірілді.

Алдағы күндері өтетін іс-шараларға қатысушы шығармашыл ұстаздарымыздан тың идеялар күтеміз.

«Өрлеу» Қызылорда филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<