Тәжірибе алмасу – педагогтің кәсіби өсуінің басты кепілі

1864

0

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының жоспарына сәйкес тренер Орынкүл Мыханованың жетекшілігімен білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына тәжірибе алмасу мақсатында 10 наурыз күні Қызылорда қаласындағы №282 мектеп-лицей базасында көшпелі тәжірибелік және панорамалық сабақтар ұйымдастырылды.


Көшпелі тәжірибелік, панорамалық сабақтардың мақсаты – оқу сапасын жақсартуда қалыптастырушы бағалаудың рөлі, критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі мен география пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын сыни тұрғысынан ойлау арқылы дамыту бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, білімдерін дамыту.


Көшпелі тәжірибелік сабақ барысында курс тыңдаушылары Қызылорда қаласындағы М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің мұғалімі Сайран Танмамбетов, Қазалы ауданындағы №190 орта мектептің мұғалімі Сәуле Утепбергеновалар №282 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларымен «Демографиялық саясат» тақырыбында, Шиелі ауданындағы №244 орта мектептің мұғалімі Жанар Нұртаза, Сырдария ауданындағы №42 орта мектеп мұғалімі Ақтолқын Бодықовалар 9 сынып оқушыларымен «Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуеті» тақырыбында тәжірибелік сабақтар өткізді.


Ұстаздар сабақ барысында белсенді әдістердің, саралау тәсілдерінің, формативті бағалау процесін ұйымдастырудың тәжірибедегі тиімді қолданысын көре алды. Сонымен қатар, Арал ауданындағы №2 ОДМИ мұғалімі Жасұлан Самбаев, Қазалы ауданындағы М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің мұғалімі Рахымжан Утепбергенов, Жалағаш ауданындағы №123 орта мектептің мұғалімі Лена Зарлықова, Арал ауданындағы №21 орта мектептің мұғалімі Гүлзат Баетова «Литосфера», «Атмосфера», «Гидросфера» бөлімінде оқушылардың зерттеу және жоба жұмысын орындау дағдыларын дамыту жолдары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында курс тыңдаушылары сабақтардан алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жасалды.

Орынкүл Мыханова,


«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері