Тағы бір әуежай сатылымға шықты

128

0

Фото: ашық дереккөз

Қостанайдағы әуежай сатылымға шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

26 қыркүйекте А.Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ 49% акциясын сату бойынша аукцион өтеді. Аукцион бағасы 4,7 миллиард теңгеден басталады.

Аукционға қатысу үшін 26 қыркүйекке дейін баға ұсынысы бар өтінімді жіберу керек.

Кепілдік жарна – 100 миллион теңге.

Нысанға жөндеу жүргізіліп, ұшып шығу залы, ұшып келу залы, ұшу-қону жолағы және әуе кемелерінің тұрақтары жаңартылды. Әуежайға құйылған инвестиция көлемі 12 миллиард теңгеден асты.

Сатып алушы нысанның мақсаты мен қызметкерлер штатын 5 жыл бойы сақтауға міндетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<