Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың солтүстік өңірлерінде қатты аяз болады.
«Салехард аудандарынан ығысатын суық антициклон Қазақстандағы ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде: оңтүстікте -10…-20℃ дейін, солтүстік өңірлерде -32…-40℃ дейін», -делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Gismeteo.kz болжамынша, 22 қаңтарда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Ауа температурасы түнде -20, күндіз -14 градус.
Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде -11, күндіз -5 градусты көрсетеді.
Шымкентте де күн бұлтты, қар жауады, түнде -7, күндіз -2 градус суық.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<