Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кенті орталығындағы «Тағзым» алаңына жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын көрді. Абаттандыру жұмыстарын мердігер мекеме «Пульс» ЖШС атқаруда. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 115 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі таңда алаңға брусчаткалар төселуде.Аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне көпшілік келетін орынның абаттандыру жұмыстарын сапалы атқаруды атап өтті.
Сондай-ақ, күнделікті бақылауда болатынын ескертті.»Тағзым» алаңында «Мәңгілік алау», «Құрметті азаматтар» аллеясы, «Еңбек даңқы» музейі, Ауған соғысының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушыларға, Семей полигоны құрбандарына және «Қазбат» жауынгерлеріне арналған ескерткіш орналасқан.
Демеушілікпен типтік жобадағы спорт алаңы мен спорт тренажерлары орнатылған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<