Таяу Шығыс: жаңа әуе соққылары, қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер

858

0

Сенбі күні таңертең Израильдің Газа секторындағы үйлердің біріне тигізген әуе соққысы салдарынан кем дегенде 8 палестиналық азамат қаза тапты. Тұрғын ғимарат Газа қаласынан батысқа қарай Эш-Шаты босқындар лагерінде орналасқан. Бір отбасы мүшелері тұрған үй бомбалау кезінде толық қирады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен 20-ға жуық адам Газаның орталық ауруханасына жеткізілді. Дүйсенбіден бастап Израиль және Газа секторы арасында ракета соққысымен алмасу жалғасып жатыр. БҰҰ жанжалдың шиеленісуіне қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик: «Бас хатшы (Антониу Гутерриш) шиеленіс тараптарын Газа мен Израильде әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырып отыр. Жалғасып келе жатқан әскери эскалация көп қайғы әкелді. Ол ондаған бейбіт тұрғынның өмірін қиып әкетті, өкінішке қарай, олардың арасында балалар көп».

 Израильдің солтүстігіндегі Кафр-Канда исламшылардың көшбасшыларының бірі қамауға алынған соң жаппай тәртіпсіздіктер орнаған. Арабтар израильдік әскерилерге тас лақтырып, жолдарын бұғаттаған, тәртіп сақшыларына оқ атқан. Израиль полициясының хабарлауынша, тоғыз адам жарақат алған. Оның төртеуі ауыр халде жатыр. Жұма күні Израиль полициясы Иерусалимнің Силуан ауданында орнаған тәртіпсіздіктер кезінде жас шығаратын газ бен жарық-шу гранатасын қолданды.

Израильдықтар мен палестиналықтардың шиеленісінен кейін Шығыс Иерусалимде қақтығыстар Иордан өзенінің Батыс жағалаунда басталған. Түрлі қалалардағы жүздеген палестиналық азамат Израильдің Газа секторы мнен Шығыс Иерусалимдегі әрекеттеріне наразылық ретінде көшелерге шықты. Палестинаның Қызыл Жарты айында израильдік әскерилермен қақтығыс салдарынан 100-ден астам адам қаза тапқанын мәлімдеді. Оншақты палестиналық азаматты әскерилер атты. Тағы біреуі израильдік сарбазға шабуыл жасамақ болғанда өлтірілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<