Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конфернециясын Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Елшібеков жүргізді.
Төраға Б.Елшібеков 2019 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 2194 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 1668 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.
Сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында, аудио-бейне жазбасы жазу арқылы барлық азаматтық іс қаралғанын, сондай-ақ барлық талап арыздар «Сот кабинеті» арқылы түсіп жатқандығын айтты.
Баспасөз конференциясы барысында төраға Б.Елшібеков статистикалық мәліметтерге тоқталып, қатысушыларға 2019 жылдың 9 айында 41 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен және 54 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын, осы азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сомалары мемлекеттік бюджеттен талапкерлерге қайтарылғанын айтып өтті.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2019 жылдың 9 айында ВКС арқылы 35, «TrueConf» бағдарламасы арқылы 86 азаматтық іс қаралды.
Жиын соңында, төраға Б.Елшібеков қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<