Талдықорғанда төбелескен 2006-2007 жылғы оқушылар полицияға жеткізілді

896

0

Жетісу облысында төбелескен оқушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жасөспірімдер арасындағы төбелес 15 сәуірде Талдықорған қаласындағы орталық саябақта болған. Оған қатысқандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге қалалық полицияға жеткізілді. Олар жергілікті оқу орындарының 2006-2007 жылы туған оқушылары болып шықты.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлімінде («Бұзақылық») көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды, – делінген аталған ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетсек, жас балалардың төбелесі туралы видео әлеуметтік желіге жарияланған еді. Бейнежазбада бір ұлды қасында тұрған бала ұра жөнеледі. Артынша жалғыз жасөспірімге өзге қатарластары да жабыла бастайды. Төбелестің шығу себебі белгісіз. Мән-жайы тергеу барысында анықталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<