Талғамға сай таза өнім

561

0

Өткен сенбі күні облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болды. Бұған аймақтағы жеті аудан мен қаладағы шаруалар 250 тонна өнім әкелген. Барлық тауар түрі нарықтағы бағадан арзанға түсті.

Қаладағы Астана даңғылының бойында өткен жәрмеңкеге 100-ге жуық жүк көлігі келіпті. 60 тоннадан астам күріш, 8 тонна ет, 60 тоннадай картоп, 70 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 5 тоннадан астам сүт өнімдері, 15 тоннадай балық түрі және 10 тоннаға жуық малазықтық жем-шөп сатылған.

– Көктем басталғалы жәрмеңкені екінші рет өткізіп отырмыз. Бастысы, мұнда табиғи таза өнім. Сондықтан сұраныс жоғары. Шаруалар да өз өнімдерін еш делдалсыз саудалады. Көкөніс, жеміс-жидек, күріш, ет, балық және сүт өнімдерінің барлық түрлері болды. Жәрмеңкеге кәсіпкерлер де үлес қосты. Өнімдерін өз бағаларында халыққа ұсынды, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.

Бір ғана мысал, Қазалы ауданынан келген шаруалар 12 тонна таза ауыл өнімдерін әкеліпті. Сондай-ақ, 17 бас қойды тұтынушылар арзан бағада алып қалған. Әсіресе жәрмеңкеде «РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері, ЖК «Н.Қазбергеновтің» «Қазалы» конфеті және балық пен етке қызылордалық тұрғындардың қызығушылығы көп болды.

Айта кету керек, жәрмеңкеге жылдағы дәстүрмен жаппай ағылатын қала тұрғындары өз қажеттерін қалағанша ала алатын мұндай шараларға риза­шылықтарын білдіруде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<