Өздеріңізге белгілі, 2023-2024 оқу жылынан бастап барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Осы орайда, арнайы құрылған жұмысшы топ білім беру ордаларындағы ыстық тамақпен қамту барысын зерделеді.
Аралауда асханалардың санитарлық тазалығы, қоймадағы азық-түліктердің жарамдылық мерзімі және ас мәзіріне сәйкес дайындалған тағамның мөлшері мен сапасына баса назар аударылды.
Мектеп басшылары мен бас аспаздарына асханада дайындалатын тағамға тұрақты қадағалау жасау және тазалық мәселесіне ден қою керектігі түсіндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<