Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

571

0

Фото: gov.kz

Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», – делінген құжатта.

Айта кетейік, Тамара Босымбекқызы 1965 жылы 11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1988-1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді.

1992-1993 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі; 1993-1994 жылдары – «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы; 1994-1997 жылдары – Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары; 1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары; 1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице – министрі; 2006 – 2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; 2008 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018); «Nur Otan» париясының хатшысы (2018-2019). «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі (2019-2020).

2020 жылдың мамырында Президент көмекшісі-Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

2022 жылы 11 сәуірден бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарып келді.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<