Тамшылап аққан уақыт…

2376

0

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек, – деп ақын Абай айтпақшы, адамзаттың уақыты күннен-күнге азаюда. Бейресми ақпараттарға сәйкес, бүгінгі күні 24 сағат қысқаруда екен. Міне, сағат білдірмей әрбір сәтімізді ұрлауда. Жалпы, уақыт – біздегі ең қымбат ресурстардың бірі. Оны сатып алу немесе сату мүмкін емес екенін кішкентай балаға дейін біледі. Әрбірімізде бір күнде бірдей уақыт бар. Дегенмен, бұл уақытты қалай пайдалану өзімізге байланысты. Уақытты тек сағаттар мен минуттар ғана емес, сонымен бірге біздің өмірімізде екенін естен шығармаған жөн. Біздің әрбір сәтіміз бағалы және болашағымызға әсер етуі мүмкін. Сондықтан уақытты дұрыс пайдалана білу өте маңызды. Ол үшін не істейміз?

Уақытты басқарудың бір жолы – жоспарлау. Жоспарлау арқылы біз мақсаттарымыз бен міндеттерімізді анықтап, оларға жету стратегиясын жасай аламыз. Жоспарламай, маңызды нәтижеге қол жеткізе алмай, ұсақ-түйекке көп уақыт жұмсай аламыз. Сонымен қатар, күнделікті өмірде уақытты дұрыс басқара білу маңызды. Мысалы, маңыздырақ істерге уақыт қалдыру үшін әлемжеліде немесе теледидар алдында өткізетін уақытты қысқарта аламыз. Сондай-ақ, күнді жоспарлауға және ұйымдастыруға көмектесу үшін уақытты басқару қолданбалары сияқты технологияны пайдалануға болады. Дей тұрғанымен, айтуға оңай іске келгенде бәріміз жалқаулық танытамыз. Алайда сол уақытты дұрыс пайдалану арқылы белгілі бір жетістікке жететінімізді білсек ше?

Жапондардың кез келген салаға қатысты әдіс-тәсілдері бар. Сол әдістердің арқасында олар дамыды, өркендеді, алып мемлекет болды. Мәселен, уақытты тиімді пайдаланып, жетістіктің кілтін тапқан Азиядағы ең мықты мемлекеттің халқы қандай әдістерді қолданады?

Біріншіден, икигай әдісін көбі біледі. Бұл әдіс былай дейді. Өмірдің қайталанбас мәнін табыңыз – таңертең оянып, тұрудың себебі. Cоған сәйкес келетін нәрсені таңдаңыз сіздің күшіңіз бен тілектеріңіз және басқа адамдар не қалайтынын да ескеріңіз. Бұл сіздің өміріңізді мағыналы және тұтас етеді. Екінші әдіс – кайдзен деп аталады. Мақсатыңызға қарай күнделікті шағын қадамдарға назар аударыңыз. Жетістікке жету – көп армандау емес, аз-аздан үздіксіз әрекет ету. Келесі әдіс – помодоро. Атауы таңсық болса да, тәуір әдіс. Мұнда 25 минут жұмыс істеп, 5 минут демалыңыз дейді. Осы циклдарды күнделікті қайталау керек. Осының арқасында ақпаратты жеңіл қабылдауға болады.

Төртіншіден, хара хачи бу тамақтанудың өмірімізге әсері. Яки тамақтанудағы модерация. Асқазанымыз 80% толған болса, тамақ жеуді тоқтату керек. Бұл сізге жігерлі болуға көмектеседі және толық түскі астан кейін барлық қан басқа емес, асқазанға ағып жатқанда ұйқы қысады. Бесінші әдіс – шошин. Бұл жаңа ақыл. Сіз үшін бәрі жаңа және сіз жаңа нәрселерді үйренуге дайын болатын кезең. Осы уақытта қызық болған нәрсеге мән беріңіз. Соңғысы, ваби-саби. Өзіңіздің кемшілігіңізді қабылдаңыз. Әлемде мінсіз адам жоқ. Мінсіз болуға ұмтылмаңыз, прогресске ұмтылыңыз. Әйтпесе уақыт жоғалтасыз.

Уақытты тиімді басқару үшін сіз жапондардың әдістерін пайдалана аласыз. Ақырында, уақыт тек біздің ресурс емес, сонымен бірге қоршаған ортаның ресурсы екенін есте ұстаған жөн. Біз басқа адамдардың уақытын босқа өткізбей, олардың жұмысын немесе демалысын үзбей, құрметтеуіміз керек. Уақытты тиімді пайдаланып, өмірде жақсы нәтижелерге жетуге тек өзара сыйластық пен түсіністік қана көмектеседі. Жалпы, тайм-менеджмент – бұл үнемі жұмыс пен өзін-өзі реттеуді қажет ететін процесс. Дегенмен, біз уақытты дұрыс басқаруды үйренсек, біз үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз және өмірден рақат аламыз. Сол себепті өмір сүрудің әдістерін дұрыс қолданып, кемелдікке қадам жасайық.

Нұрислаәсем ТҰРМАХАНОВА,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің

3-курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<