«Таң ЛТД» бәсекеге қабілетті

603

0

Облысқа жұмыс сапарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жалағаш ауданындағы «Таң ЛТД» ЖШС-ның күріш ақтау зауыты және ет өңдеу цехының жұмысымен де танысты.

Таң ауылдық округіндегі «АгроЛидер Таң» ЖШС-ның ет өңдеу цехы 2019 жылы іске қосылған. Жоба құны 111 млн теңге, оның 53 млн теңгесі «Байқоңыр» ӘКК тарапынан, 58 млн теңге – серіктестіктің өз қаражаты.

Цехта 15 түрлі ет өнімі шығарылады. Айына 15 тонна өнімді облыс тұрғындарына тиімді бағада ұсынуда. Мұнда 8 адам тұрақты жұмыс істейді.

Ал шаруашылықтың «Диқан ата» күріш ақтау зауыты 2018 жылы іске қосылған. Өндіріске 150 млн теңге қаражат жұмсалған. Зауытта тұрақты жұмыспен қамтылған 15 адам тәулігіне 100 тонна күріш ақтайды.

«Таң ЛТД» серіктестігі 2003 жылы құрылған. Серіктестік 2019 жылы тұқым шаруашылығы статусын алды. Қазір аудан шаруашылықтарын I репродукциялы «Лидер» сортымен қамтамасыз етуде.

Құрылым жыл сайын техника жаңартады. Биыл 662 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен. Оның ішінде 483 гектарға күріш, 63 гектарға жаңа жоңышқа сеуіп, 116 гектар ескі жоңышқаны күтімге алған.

Аймақ басшысы мен Ауыл шаруашылығы министрі «Таң ЛТД» ЖШС жұмысына оң баға беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<