«Мен және менің полицейім» атты республикалық іс-шара барысында мектеп оқушыларымен бірге облыстық полиция департаментінің музейіне және жедел басқару орталығына экскурсияға бардық.
Экскурсия барысында музейдегі полиция киімдері мен бұрын диктофон орнына қолданған заттарға қызығушылықпен қарадым. Одан бөлек жедел басқару орталығына барғанда көптеген камераны көріп таңғалдым. Бұрын камера бақылап тұрады деп еститінмін. Бірақ, дәл осындай деп ойламадым.
Сыныбыма келіп балаларға камера өте көп екенін және ол адамдардың түрін толық, анық алатынын ескерттім. Жедел басқару орталығында өзім тұратын шағын ауданда және мектеп ішінде орналасқан бейнекамераларды толық көріп шықтым.
Жедел басқару орталығынан шыққаннан кейін бізді иісшіл иттермен таныстырып, олардың іздеу жұмыстарын қалай жүргізетінін көрсетті. Сол жерде өзіміз де заттарды тығып, иттің тауып алғанын көріп риза болдық. Экскурсия, ондағы көрген-білгенім, полиция қызметі ұнады.
Әнуарбек АҚЫЛБАЙ,
№235 мектептің оқушысы





