Қалалық ішкі саясат бөлімі мен қала әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушыларымен «Таным мен тағылым алаңы» атты кездесу өтті.
Кездесуде облыстық мәслихат депутаты, ақын, «ҚоғамТВ» арнасының құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов пен «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бауыржан Елеусінов қонақта болды.
Кеш барысында ел ағалары оқушыларға «қаңтар» оқиғасы, ұлттық құндылықтар, тіл саясаты, білім алу, мамандық таңдау, білім көкжиегін кеңейтіп, көкірегін құндылықтарға толтыратын кітап оқу жайында ғибратты әңгімелер айтып, мектеп оқушылары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Кездесу соңында ақын Шәкизада Әбдікәрімов пен ғалым-ұстаз Бауыржан Елеусінов кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты.
Гүлхаят Махмутова,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының PR, SMM маманы





