Таным мен тағылым алаңында

1124

0

Бүгін 60 жылдық тарихы бар іргелі білім ошағы Сәкен Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицейінде «Таным мен тағылым» атты кеш өтті.
Аталған шараның көздегені – жастар жадына ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштікті, руханиятты, салт-дәстүрді, тәлім-тәрбиені сіңіру.

Кеш қонақтары – ақын, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ахмет Нешати атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, облыстық мәслихат депутаты Әбдікәрімов Шаһизада Өтетілеуұлы және физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Өрлеу» Біліктілік Арттырудың Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Елеусінов Бауыржан Тәжімағанбетұлы.

Кездесу барысында аға буын өкілдері жоғары сынып оқушыларына ой – толғамдарын, өмірлік тәжірибелерін, азаматтық ұстанымдарын айтса, жас өрендеріміз ағаларына көкейлеріндегі сан-сауалдарын жолдады.

Шара соңында кеш қонақтары өз кітаптарын мектеп кітапханасына сыйға тартты.
Мән-мағынасы терең осындай келелі кездесулер қаланың өзге де білім ұяларында өткізілетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<