Тапшылық жоқшылық емес

846

0

Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов және аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков аудандағы күріш егілу науқанының аяқталуына байланысты Көктөбе ауылдық округінде орналасқан Келінтөбе магистральді каналының бас сағасына барып су тоспасы құрылысының сапасы мен бөлінген су мөлшерімен танысты.

Аудандық «ЖаңақорғанСуШар» мекемесінің басшысы Абдумажит Ахметов аталған каналдан ауданға бөлінген лимидтік 40 текше метр судың қалыпты ағып жатқандығын баян етіп, егістіктердің ары қарайғы вегетациялық кезеңінен осы суды жүйелеп жеткізу қажеттігін жеткізді.

Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талгат Зейдалиев суды бүкіл вегетациялық кезеңіне қажет ететін күріш дақылының аудан бойынша белгіленген 7300 гектар Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы судың азаюы туралы кейінгі мәліметке сәйкес тағы да 300 гектарға қысқарып су құлағына мойыны қашық немесе суды керіп ішетін биік танаптар қалдырылғандығын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<