Тапсырмалар мерзімінде және сапалы орындалуы керек

496

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Облыс әкімі Мемлекет басшысының, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі тапсырмаларының бірінші кезекте сапалы орындалуының маңызын атап өтті.

– Мемлекет басшысының, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі тапсырмаларының бірінші кезекте сапалы орындалуы күн тәртібінен түскен емес. Бұл менің тікелей бақылауымда. Мемлекет басшысы 2019 және 2023 жылдары өңірімізге жұмыс сапары кезінде 11 тапсырма берген. Оның 6-уы бақылаудан алынып, 5-еуі мерзіміне сәйкес орындалуда. Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарындағы тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуына мемлекеттік органның бірінші басшысы тікелей жауапты, – деп ескертті Нұрлыбек Машбекұлы.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновке тапсырмалардың орындалуына ай сайын талдау жасап, қатаң бақылауда ұстау міндеті қойылды. Жиында құзырлы мекеме басшылары мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалардың іске асырылу барысын баяндады. Талқылау қорытындысында аймақ басшысы орынбасарларына жетекшілік ететін басқармаларымен бірігіп, тапсырмалардың сапалы және мерзімінде орындалуын ұдайы бақылауда ұстауды міндеттеді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау облыс әкімінің жеке бақылауында болады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<