Жуырда Елбасы қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында электр және жылу энергияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы бағаның белгіленуіне бақылау жасайтын мемлекеттік органдардың қызметін сөз етіп, коммуналдық төлем тарифтерінің жоғары екендігін баса айтқан болатын. Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін Үкімет бірден тарифтерді төмендету және жалпы тариф жасау жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды айқындады. Осы ретте, өңірде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті бастамасымен «ҚЭТТК» АҚ қызметінің тексеру нәтижесі бойынша арнайы жиын өтті.
Онда «ҚЭТТК» АҚ-ның басқарма төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев 2016-2017 жылдардағы прокуратура тексерісі бойынша анықталған мәліметтерді жария етті. Айтуынша, тексеру барысында бекітілген тарифтік сметаның орындалмау фактісі анықталған. Мәселен, баптар бойынша шығындар 55,9 млн теңгені құрауда. Оның ішінде арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдары 1,06 млн теңге, салықтар 51,82 млн теңгені көрсетіп отыр.
– Баптардың орындалмауының басты себебі, шикізат, материалдар шығысы нормаларының игерілмеуі, инвестициялық міндеттемелердің орындалмауы, ұялы байланыс қызметтерінің алынып тасталуы. Тексеру нәтижесінде бұдан бөлек, Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиелік келісім-шартына сәйкес ерікті сақтандырудың, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуде заңдық сүйемелдеудің, ұрланған материалды-тауарлық құндылықтарды есептен шығарудың сомаларын шығындарға негізсіз енгізу фактілері де анықталды. Жалпы сомасы 73 млн теңге шығындар бөлігінен алынды. Ал, субъектінің тарифі 0,2 процентке төмендеді, – деді М.Кәрімбаев.
Бүгінде облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде департаменттің бұйрығымен 2018 жылдың 1 тамызынан бастап жалпы тариф 0,011 теңгеге немесе 0,22 процентке төмендетілумен қатар 4,934 теңге мөлшерінде уақытша өтемді тариф енгізілген.
– Тарифтік сметаның орындалмауынан уақытша өтемді тариф енгізіліп отыр. «ҚЭТТК» АҚ-ның негізгі қызметі – электр энергияны тасымалдау. Электр энергияның бағасына осы тасымалдау кіреді. Осыған сәйкес, «ҚЭТТК» АҚ-ның тарифі төмендегеннен кейін, сәйкесінше, электр энергияның бағасы да төмендейді. Мысалы, қалада 1-тамыздан бастап «ЭнергоСервистің» бағасы төмендеді. Орташа босату бағасы қосымша құн салықсыз 15 теңге 84 тиын болса, қазір 15 теңге 79 тиынға түсті. Сондай-ақ, 1-желтоқсаннан бастап «Қызылордажылуэлектрорталығына» да уақытша өтемді тариф енгізіледі. Қолданыс тарифтен айырмашылығы 1-2 процентке төмендетілген. Тұрғындар жылуға 1 шаршы метрге 111 теңге төлесе, қазір 109 теңге 99 тиын төлейтін болады, – деді ТМРжБҚ комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Өтегенова.
Тексеріс кезінде бұдан бөлек, бекітілген тарифтік сметаға кернеу тұрақтамауынан үшінші адамға залалы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылығын ерікті сақтандыруға 2 млн 696 мың теңге, мүлкін тіркеу және заң қызметтеріне 2 млн 800 мың теңге, күрделі жөндеу есебінен 35/10 кВ «Тасбөгет» ҚС-на «Миком» маркалы релесін орнатуға 6 млн 102 мың теңге, барлығы 11 млн 598 мың теңге негізсіз шығындар енгізу деректері де анықталуда.
Қазіргі таңда табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін «ҚЭТТК» АҚ әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5,59 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Жалпы Қызылорда облысы өзге өңірлермен салыстырғанда тарифтік төлем бағасы бойынша орташа деңгейде тұр.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<