Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы үндеуін тыңдадым. Бұл еліміз үшін тарихи маңызды сәт болмақ. Өйткені, біз қазақ елінің мызғымас бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін ел Президентін сайлаймыз.
Бұл сайлауға күллі әлем көз тігеді. Сондықтан елдің тұрақтылығын одан әрі бекітіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетімізді арттыруымыз абзал. Барлығы Конститутциялық заңға сәйкес жүргізіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың әділ, ашық түрде өтетіне кепілдік беретінін айтты. Бұл барлығымызға сенім ұялатты. Осы ретте мұндай ауқымды да маңызды саяси шараға ел тұрғындары немқұрайлы қарамауы тиіс. Өзінің азаматтық көзқарасын білдіріп, сайлауға қатысуы шарт деп білемін.
Әділ ӘЛІҚҰЛОВ,
“Ашық Азаматтық қоғам АРО”
қоғамдық қорының президенті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<