Құтқарушылар қысқы кезеңдік жұмыстарына дайын

365

0

Қыста адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін көптеген жағдайлар туындайды. Түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға сапалы және уақтылы жауап беру үшін құтқарушылар қысқы киіммен және жабдықпен қамтамасыз етілуге тиіс.

Құтқарушылар қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайын екендігін тексеру үшін Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағында оқу жиыны және жеке құрамның саптық қарауы тексерілді. Тексеру барысында құтқарушылар қысқы киім-кешек, жеке құрал-саймандар, аяқ киім, қызметтік құжаттар мен жетондарын тексерді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары қызметті орындаудың қыстық нұсқасына дайын екендігін көрсетті,  анықталған кемшіліктер орын алған жерде жойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<