Ташкенттен олжалы оралды

348

0

Өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әртүрлі сезімі бейнеленеді. Әрбір адамның табиғат  сыйлаған  дарыны болады.  Балалардың бойындағы  дарынды ұштау мақсатында өткен VІІІ «Жарық жұлдыз» байқауына әр облыстан балалар қатысып, бақ сынады.

Қаламыздағы «Шұғыла» балабақшасының бүлдіршіндері де Айжан Ибраеваның жетекшілігімен өнер көрсетті. Нәтижесінде болашақ бишілер бас жүлдені иемденіп, Ташкент қаласына жолдама алды.

Ташкент қаласында өткен сайысқа төрт мемлекеттен (Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Қарақалпақстан)  өнерпаздар қатысты. «Шұғыла» балабақшасының  бүлдіршіндері «Текемет» биін қойып, қазақ халқының салт-дәстүрін паш етті.

Өнердің шынайы келбеті сол өнерлі жанның өмірін нұрландырып, соның игілігіне қызмет етеді. Біз әрбір баланың болашақ белесін бағындыру жолында барымызды аямағанымыз дұрыс.

Гүлбану ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ,

Абай атындағы үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған

 мамандандырылған сыныптары бар мектептің бастауыш сынып мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<