Тасқа қашалған таңбалар сыры

719

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов және облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов Шиелі ауданы Сауысқандық шатқалындағы петроглифтердің жай-күйімен танысты.

Жуырда тасқа қашалған тарихи ескерткішке жазу жазып, бүлдіру әрекеті тіркелген болатын. Тарихшылар вандализмді тоқтату үшін ескерткіш аумағын қоршап, арнайы күзетші штатын бөлуді ұсынуда.

Аймақ басшысы аталған мәселе зерттеліп, шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.

– Бұл ескерткіш –  мыңжылдықтардан бүгінге жеткен тарихи құндылық, сондықтан оны сақтап, келер ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өткен сенбілікте осы аумақта тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қаратау жотасындағы Сауысқандық шатқалында қола дәуірінің, кейінгі ортағасырлық кезеңнің суреттері мен эпиграфикасы сақталған.

Қызылорда облысы әкімдігінің арнайы қаулысымен жартастағы бейнелер кешенінің қорғау аймағы бекітілді. Облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес шешімімен бұл  орынды Дүниежүзілік Табиғи және мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қолдау тапты. Сөйтіп «Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені» ЮНЕСКО және ИСЕКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен ЮНЕСКО-ның алдын ала республикалық тізбесіне енгізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<