Татуласу – даудың ең ұтымды шешімі

757

0

             Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының «Ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары» атты екінші тарауында жеке-құқықтық жанжалдар тараптары арасындағы бітімге қол жеткізудің сот тәртібімен реттеу, сондай-ақ соттан тыс тәртіптегі түрлі жолдары мен тәсілдері, азаматтық құқықтарды қорғаудың соттан тыс нысандарын дамытуға бағытталған азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралары межеленіп айтылған. Заң шеңберінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері ретінде медиативтік, партисипативтік және татуласу келісімдері қарастырылады.  Татуласу рәсімдерінің барлығы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

            Дауларды сотқа дейін, сотта шешу үшін Жоғарғы сотпен ауқымды, жүйелі жұмыстар жасауда. «Татуласу: сотқа дейін, сотта» қанатқақты жоба аясында татуластырушы-судья, медиаторлар, психологтар қарқынды жұмыс істеп жатыр. Соттарда ашылған арнайы фронт-кеңседе медиаторлар сотқа жүгінген халыққа қызмет көрсетеді. Пилоттық жоба аясында қаралған істер жалпы сот талқылауының уақытымен салыстырғанда 2-5 жұмыс күні ішінде татуласу рәсімдерін қолдану арқылы қаралып, аяқталады. Пилоттық жоба жұмысына татуластырушы – судья да жұмылдырылды. Дәл осы мезетте судьяның көп жылдық тәжірибесі, шеберлігі дауды терең зерттеп, оған баға беріп, адамгершілік қарым-қатынас ұғымын келтіре отырып, тараптарды ауызбіршілікке алып келуге көмектеседі.

Жанар ӘБДРАМАНОВА ,
Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
психолог-инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<