Тауар белгісі қалай тіркеледі?

398

0

Тауар белгісі – бір заңды немесе жеке тұлға тауарларының басқа заңды немесе жеке тұлғалардың біртектес тауарларынан ажырату үшін қолданылатын белгі болып табылады. Яғни, заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлердің тауарларын даралап жекелеп көрсетуге қызмет ететін белгі (сөзбен, бейнеленген, аралас немесе басқалай). Заң жүзінде тауар белгісін куәландыратын куәлігі бар тауар белгісіне деген айрықша құқық танылады. Тауар белгісін иелену құқығы бар адам оны пайдалана алады, басқа тұлғалардың иелік етуіне және оны пайдалануына тыйым салады.

Тіркелген тауар таңбасы өнімді пайдалануға толық құқық береді.

Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңы тауар, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға, пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.

Тауар таңбасын тіркеуге заң бойынша белгіленген нысанда өтініш беріледі. Арада бір жыл уақыт өткен соң таңба Мемлекеттік тізілімге енгізіліп, тауар иесіне оның ерекше құқығын куәландыратын куәлік табысталады. Куәлік 10 жыл бойы күшінде болып, қолданылу мерзімі әр 10 жылда ұзартылып отыруы мүмкін.

Тауар таңбасына өтiнiштi кімдер, қалай бере алады десек? Оның еш қиындығы жоқ. Тауар өндірумен айналысамын деген бір немесе бірнеше адам сараптама жасау ұйымына өтiнiш береді. Яғни, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» мынадай қызметтер көрсетеді:

Тауар таңбаларын мемлекеттік тіркеуге өтінімдерді қабылдау және сараптамасы;

Тауарлық таңбаға халықаралық өтінімдер бойынша сараптаманы жүргізу, тауарлық таңбаны халықаралық тіркеуге құжаттарын ресімдеу;

Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргізу;

Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмге өзгерістерді енгізу туралы өтініштерді қабылдау және қарастыру;

Тауар таңбасына айрықша құқықтық қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттарды қабылдау және қарастыру;

Тауар таңбасына айрықша құқыққа иелік ету туралы шартты мемлекеттік тіркеу жөніндегі өтініштерін қабылдау және қарастыру;

Қазақстан Республикасында тіркелген тауар таңбалары туралы мәліметтерден тұратын «Өнеркәсіптік меншік» ресми электрондық бюллетенін жариялау.

Ж.Асадинұлы,

Қызылорда облысы

Әділет департаменті

басшысының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<