Тауар нарықтарына талдау жасалды

705

0

Аймақта жыл басынан бері төрт тауар нарығына талдау жасалған. Айтар болсақ, 2 – агроөнеркәсіп кешені, 1 – құрылыс болса, ал біреуі өзге саланы құраған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерсін Орынбаев мәлімдеді.

– Департамент қызметкерлері жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы қорытындысын беру бойынша мемлекеттік органдардың 12 өтініш хатын қарады. Оның ішінде, 11 тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілері анықталмағандығы, ал біреуінің растылығы туралы қорытынды берілді. Бүгінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 169, 174, 194 баптарына сәйкес бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылық деректері бойынша жергілікті мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің іс-әрекеттеріне қатысты 4 тергеу жүргізіліп жатыр. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заң бұзушылық деректері бойынша 1 нұсқама шығарылды. Департаментпен мемлекеттік органдар мен нарық субъектілеріне ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабына сәйкес ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы 34 хабарлама шығарылып, барлығы орындалды, – деді Ерсін Сейітханұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<