Әділет Министрлігі зияткерлік меншік құқықтары бойынша мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетіледі: «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу», «Тауар таңбасына куәлік беру», «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк беру», «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру», «Өнертабысқа патент беру», «Селекциялық жетістікке патент беру», «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу», «Пайдалы модельге патент беру».
«Тауар таңбасына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірледі.
Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiгін беретiн олардың аралас үлгiлерi де тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн.
Тауар таңбасының иесі өз тауар таңбасын қаншалықты тез тіркеуіне байланысты, соншалықты тез артықшылық құқықтарына ие болады. Сондықтанда, тіркеуді кейінге қалдырудың қисынсыз екенін сезінгені жөн. Тауар таңбасын тіркеу ҚР Әділет Министрлінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына өтініш берген сәттен басталады. Бұл тіркелген зияткерлік меншікті қорғау құқығын береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 12 (он екі) ай ішінде:
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасына куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсетумен электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Өтінімдерді қабылдау мен сараптама жүргізу үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларға сәйкес белгіленген мөлшерде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес ақы алынады.
Тауар таңбасын тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылу мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
сараптама ұйымына:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) патенттік сенім білдірілген өкіл, немесе өзге де өкіл арқылы өтінім берілген жағдайда сенімхат;
3) белгіленген мөлшерде тиісті төлемді растайтын құжаттар;
4) (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысының көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін беріледі);
5) Конвенциялық немесе көрмелік басымдық құқығын пайдаланғысы келетін өтінім беруші мұны тауар тауар таңбасына өтінім берген кезде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі ай ішінде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиісті құжаттарды тапсыруға міндетті.
Порталда:
- көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
2) патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл арқылы өтініш берілген жағдайда сенімхаттың электрондық көшірмесі;
3) ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, белгіленген мерзімдегі төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысының (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) электрондық көшірмесі;
5) Конвенциялық немесе көрмелік басымдық құқығын пайдаланғысы келетін өтінім беруші мұны тауар тауар таңбасына өтінім берген кезде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі ай ішінде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиісті құжаттарды тапсыруға міндетті;
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолдайды.
Өтінім беруге төлемдер мөлшері және төлем жүргізуге қажетті реквизиттер «ҰЗМИ» РМК сайтында орналастырылған.
З.Канапина,
облыстық әділет департаментінің бас маманы,
Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<